Популярные тэги

Ақ үй Иранға жасалған соққыларды видеоойын стилінде көрсетті

Ақ үй X әлеуметтік желісінде Ирандағы нысандарға жасалған соққылардың кадрлары көрсетілген жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Masa media.


13/03/2026
04:51 54 0

Мемдер соғысы

 

Видео Nintendo Wii ойын консолінің интерфейсі үлгісінде жасалған. Ал роликтің кіріспе бөлігі Wii Sports бейнеойынының стилінде безендірілген.

 

Бұған дейін The Washington Post пен Reuters Ақ үй Иранға қарсы «мемдер соғысын» жүргізіп жатқанын атап өткен еді. Яғни олар осындай форматтағы видеоларды жиі жариялайды. Кейбір роликтер танымал Grand Theft Auto ойынының стилін қайталаса, енді бірінде поп-мәдениет кейіпкерлері мен интернет-мемдер пайдаланылады. Мысалы, SpongeBob SquarePants бейнесі қолданылған.

 

The Washington Post-тың жазуынша, әлеуметтік желілерде мұндай тәсілмен соғыс әрекеттерін көрсетуге наразылық білдірушілер көп.

 

Таяу Шығыстағы шиеленіс

 

 Еске салайық, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.

 

 Қарымта әрекет ретінде Иран Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. БАӘ, Катар және Бахрейнге соққы жасады. Абу-Даби және Дубай әуежайларына шабуылға ұшырады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/03/2026 04:51
54 0

Уведомление